Білмеймін бұл өмірдің сұры қандай – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Білмеймін бұл өмірдің сұры қандай» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 868
Білмеймін бұл өмірдің сұры қандай,
Оншалық зауқым да жоқ құнығардай.
Адамдар бар пейлінен айырылған
Әкімдердің алдында жығылардай.
Қазақтың күні ертең не болады,
Бола ма жүрегімнің жорамалы.
Қаптаған кірме бізді жұтып,
Қазақ
Басы ауған жаққа қарай домалады.
Мақтандық, баймыз дедік, дүрдидік кеп,
Қалаларда сауналар, түнгі үй гүлдеп.
Байлардың қайыры жоқ қазағыма
Қыздардың қойынына сүңги білмек.
Беделі үшін бір мешіт ашқан болып,
Жан-жақтан жарамсақ бас қосқан толып.
Қайыры жоқ мешіт емес, ұлт керек,
Ертең ұлтты аламаймыз тастан жонып.
Біздің ұлт бар ма өзі бұл өмірде,
Шошытар ой апарды тірі өлімге.
Кімдер үшін жазамын бұл шатпақты,
Өлеңге із қалмады жүрегімде.
23.08.08


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері