Сен болмасаң Сәруар
- 0
- 0
Сен болмасаң, Сәруар,
Аринаны білер ме ем?
Өмірдің не мәні бар,
Ішкіш болып жүрер ме ем?
Бұл бетте «Біреулердің қайғысын» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен болмасаң, Сәруар,
Аринаны білер ме ем?
Өмірдің не мәні бар,
Ішкіш болып жүрер ме ем?
Айналайын, алтыным,
Сенсіз өткен әр күнім
Жыл секілді созылып,
Соға берді салқынын.
Арамызда бір күдік – сенбестік бар,
Арамызда бір үміт – сөнбестік бар.
Екі оттың оранған ортасында –
Арамызда, әйтеуір, дербестік бар.
Түсіме жиі енетін болдың,
Көмескі түрде көретін болдым.
Төркіндеп кеттің, еркіндеп кеттің,
Құсадан жүдеп, өлетін болдым,
Жатқам жоқ жапан далада,
Жатырмын ауруханада.
Дүние қандай тып-тыныш,
Келген жоқ қатын, бала да.
Екі ортада тамаша
Бір даңғыл жол салынды.
Жарық беріп жаңаша,
Алаулатты жалынды.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі