Бұл бетте «Кейде өзіңе өзің боп үңілесің» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
05.08.2019
0
0
2096
Кейде өзіңе өзің боп үңілесің,
Үңілесің – құм болып үгілесің.
Ез боп туған қайсы бір жанды көріп,
Мына тәркі тірліктен түңілесің.
Кейде өзіңе өзің боп үңілесің,
Үңілесің – шындыққа жүгінесің.
Келер күнге сеніммен күле қарап,
Кезек күтіп тұрады мың үлесің.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі