Өртейін деп отқа көмдім – Шәкәрім Құдайбердіұлы

Бұл бетте «Өртейін деп отқа көмдім» атты Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2015
  • 1
  • 2
  • 12308
Өртейiн деп отқа көмдiм,
От жүрегiм жанбады.
Жанды апарып жарға бердiм,
«Пара ғой» деп алмады.

Жан, тәнiмдi, иманымды –
Асылымды бойдағы,
Аямадым жиғанымды,
Сонда да көз салмады.

Жар қараса, тiрiлушi ем,
Қарамаса, мен – өлiк.
Рахым етiп қылмады-ау ем,
Ендi үмiтiм қалмады.

Сөйтсем, онда сыр бар екен,
Байқамаппын мен оны.
Қосылайын өлсе деген,
Амалы екен – алдады.

Өлiп едiм, жар бiрiгiп,
Бiр бейiстi таңдады.
Ләйлi, Мәжнүн қарсы шығып,
Ерулiктi қамдады.

Тiрiлiкте қосылысқан,
Шын жар емес, ойнас ол.
Ондай асық – шынға дұспан,
Ол бейiске бармады.

Жар сипатын бiлсеңiз де,
Нәпсiң өлмей, деме жар.
Айла, алдау сөзiңiзге,
Шын хақиқат қанбады.

«Сен – Жарым» деп алдаған еп,
Тиедi оқ боп кеудеңе,
Өкiнедi уайым жеп,
Кiм аныққа нанбады.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

Мағауия Абдуллаұлы

Өлең дұрыс жазылмаған, əріптен қате кеткен, мағынасына көңіл бөліңіз.

Осы автордың басқа өлеңдері