Нағашы атам ауылында – Арасанбай Естенов

Бұл бетте «Нағашы атам ауылында» атты Арасанбай Естенов жазған ата туралы өлең берілген.

  • 25.02.2020
  • 0
  • 0
  • 12962
Не жетер бас білгенге,
«Аузымен құс ілгенге».
Нағашы атам аулына
Жетіп келдік бір демде.

- Мерейіңді өсірер
Ат болыпты бәсірең!
Сен де түлеп, жігіт боп,
Бәйгеге шап осымен!..

Нағашы атам байсалды,
Күлім қаға қарсы алды.
- Ертең берем тайжарыс! –
Деп ауылға жар салды.

-Жиен келді сағынған,
Сыбаға ас соғымнан.
Сірнеге әкел біреуін
Таңдап тоқты-торымнан...
Ақ баталар ағылды,
Тана, моншақ тағылды.
Сөз киесі ғажап-ау,
Асқақтатар бағыңды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері