Бұл бетте «Таңсық көріп, араққа үңілеміз» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Таңсық көріп, араққа үңілеміз,
Үңілеміз – сілкіне сіміреміз.
Шақшадай бас бір кезде шарадай боп,
Бір-бір өліп, қайтадан тірілеміз.
Таңсық көріп, араққа үңілеміз,
Үңілеміз – ұқсаймыз күбіге біз.
Құйып алып қарынға, дарынды улап,
сіп, кеуіп, мақтанып, күбінеміз.
Таңсық көріп, араққа үңілеміз,
Үңілеміз – тайғанап, сүрінеміз.
Бақ пен тақтан айырылып ақырында,
Бөтелкенің батамыз түбіне біз.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі