Көкек – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көкек» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1663
Көктем күні болғанда,
Құстар келіп жырлайды
Бұлбұл сайрап орманда,
Бар табиғат тыңдайды.
Көкек сонда «көкектеп»,
Сұңқылдауын қоймайды.
Көктем күнін жетектеп,
Жеткіздім деп ойлайды.
Басқа құстар ұя сап,
Жұмыртқалап жатқанда,
Өз міндетін жия сап,
Басады ол мақтанға.
Талдан-талға секектеп,
Бар дауысын соза тым:
«Кө-кек, кө-кек, кө-кек!» –
Шақырады өз атын.
Жұмыртқасын апарып,
Өзге ұяға салады.
Қатыгез құс атанып,
Баспанасыз қалады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері