Жылан – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жылан» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1777
Соншалықты алаңдар
Болмаса да зор тіпті,
Ерте кезде адамдар
Жыландардан қорқыпты.
Жыландардың алыбын
Айдаһар деп шошыпты.
Білмей анық-қанығын,
Аңыздарға қосыпты.
Қайдағы жоқ күмәнді
Ойларына келтіріп,
Жеке-жарым жыланды
Тастайды екен өлтіріп.
Аса қымбат ол дейтін
Уымен-ақ шамалы –
Көп кеселді емдейтін
Дәрі алынар бағалы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері