Кесіртке – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Кесіртке» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1715
Кесірткелер жорытса,
Жәндіктердің жүйрігі.
Өледі-ау деп қорықпа,
Қалса үзіліп құйрығы.
Жауға тастау құйрығын –
Құтылудың амалы.
Қайта бітер жирылып,
Мезгілден соң шамалы.
Өзінде көп күш қандай –
Кесірткелер заулайды.
Қолтыраунның кішкентай
Баласынан аумайды.
Кеткен мүлде жоғалып
Замандарда кешегі,
Арғы тегі – Зор, алып
Динозавр деседі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері