Мен бейбақ – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Мен бейбақ» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мен бейбақ
жұлдыздарды сұлу жанарындағы жаста жиі көретінмін,
мөлдір жұлдыздарын кірпігінен сүртіп, құрғататынмын...
жұбататынмын солай...
Сонда да бітпестей көп еді қарашығындағы дымқыл жұлдыздар...
Мен жұбатудан жалықпас ем, ол сырт айналмағанда егер...
Ал қазір түн баласы қоңыр ойдамын,
Қаперімдегі өткенімнің үзік-үзік әдемі сәттерін үзіп алып,
өзімше бақыт құрап отырғаным...

Ойда жоқта түн жылады...
Ол неге жылады?
Мүмкін түн – сол керімнің қарашығы,
самсаған жұлдыздар – көз жасы шығар деп ойладым;
Баяғыдай жұбатармын деп,
саусақтарымды көкке созып көз жасын сүртуге ұмтылғаным сол,
ескідегідей қолым жете қоймады.
Сонда, сұлудың менен алыстап,
жұлдыздары аспанға тамып кеткенін аңғардым...
Дымқыл жұлдыздар жарығында
жанарыңа қарап тұрған бейбақпын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен бейбақ өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Мен бейбақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен бейбақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен бейбақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері