Ұста 2-бөлім – Қайрат Тілекқабылұлы

Бұл бетте «Ұста 2-бөлім» атты Қайрат Тілекқабылұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

ҰСТА (ІІ)

Салынып бітпеген үй.
Осы еді қысты асқаны.
Көктем.
Сырт.
Екі ұстаның қолында ұста аспабы.
Қаптамақ болып үйдің сырт бетін қаптағышпен,
келісіп иесімен апта өтті, іс бастады.

Қырағы, есепкер де, өлшемді көздеп білгір
ұста үшін қолы үйренген бұл іс — тек кез, көптен бір.
Қожайын, көршісі де, екі ұста — ұлты қазақ,
Бірақ та кеше келген көрші үйде өзбектер жүр.

Бәрі де — ойдағыдай, соқа бар, тек егін ек!
Бірақ та соңғы кезде сыйластық шегерілеп
ұстамен арадағы, қожайын көрші үйден
сазарып, зілі басып, көгеріп келеді көп.
Өйткені, естіп алған, әдеттен әлдеқайда
өзбектің еңбекпұлы қазақтан төменірек.

Шыға алмай құрсауынан сараңкөз өз ойының,
Бір күні бәле іздеді ұстадан қожайыны:
түп-түзу тегіс істен бәленше қисық тауып.
Ұста тұр үнсіз кейпі...
таба алмай өз айыбын.

Қожайын екі ұстаның тас-талқан етіп құнын,
күнде бір кесір іздеп, күнде бір жекіп тұрды.
Кемсіткіш, кереғар сөз көңілге өтіп түрлі,
Ақыры, айыпты боп, екі ұста кетіп тынды.

"Қолымда зауытым жоқ, алатын теңге қылып,
Бағаңды көтересің несіне сен бүлініп?
Нең артық өзбектерден?" дегенді естіп алып,
Екі ұста кете барды, айыпқа көндіріліп.
Қос қазақ кете барды...
қазаққа қазақ дұшпан екенін енді біліп.

Жайтты айтып ел ішіне, қайтейін, құйып ылаң...
Қалады дәл сол жерде айтылған күйі бұл ән,
тұрса да ішім сезіп, дүбәра қазақтарға
күлгенін өзбектердің мысқылдап миығынан...
Қайрат Тілекқабылұлы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұста 2-бөлім өлеңінің авторы кім?

Қайрат Тілекқабылұлы — осы өлеңнің авторы.

Ұста 2-бөлім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұста 2-бөлім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қайрат Тілекқабылұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұста 2-бөлім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері