Гүлім

Бұл бетте «Гүлім» атты Ардақ Оспанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көз ілмедім , ұйқы кетті жөнімен
Ұйқысыздық , саған қалай көнігем
Көзім ашық , түн ортасы шамасы
Орын алдың қиялымнын төрінен

Ойға баттым , терең - терең күрсініп ,
Секілді бір , бағымдағы гүл сынып .
Бағыт бағдар көріп едім сол гүлден
Тоқтап қалды бағымдағы тіршілік

Ұықта жүрек , ұықта сезім ,ұйықта көз
Сындырады , тоңдырады , тоқта!, Төз!
Миым сұрар не болды саған , хәліңе
Бұл сезімді сипаттауға жоқ та сөз

Сынады ма , тағдыр салып тәлкегін
Жау болдым ба , жау болды ма әлде кім
Жауыздығым өтіп кетсе сендерге
Үнсіз тұрам, дым сыз тұрам , ал кегін

Таптадым ба , аттадым ба , ала жібіңді
Кеп жұлдым ба , сендік кеуде гүліңді
Жаман болсам , надан болсам сен үшін
Үнсіз тұрам дым сыз тұрам , ал кегіңді

Ұл болдым ба , қадам басқан қайыса
Сынбадым ғой , шыдадым ғой бүкіл денем майыса
Жек көруге, жексұрын ақ болайын
Мен жай ғана сайыскермін , өмір деген сайыста

Бола алмадым , дос та , сендер қалаған
Төмен кеттім , ойларыңша , санадан
Қанды да ал , жанды да ал , тырмалап
Әрең күткен , әрең біткен жарадан

Кім болдым мен , өмірге лайық болмаған
Нақұрыспын , жексұрынмын , оңбаған
Алде жаспын , алде тас па жүрегім
Алде пенде , жай ғана жолы болмаған

Алыңдар , ап кетіңдер , қалдырмаңдар түгімді
Кім көтерер , кым арқалар жүгімді
Ап кетіңдер , мейлі бәрін берейін
Тастаңдаршы қайтарыңдар жалғыз ғана гүлімді

Оралар ма ұйқым сонда маужырап
Кеудем тесік , гүлім менің сау бірақ
Армандадым , жеті аспан қабатын
Қой түсейін ,
Арманымнан ,төмен қарай салбырап

Таң атыпты қатты ұйқы соңынан
Көңіл түсті , қолымдағы, жоғынан
Бір күлімдеп , түс те болса қуантқан
Түнді күтем , сол бақшада жолығам 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гүлім өлеңінің авторы кім?

Ардақ Оспанұлы — осы өлеңнің авторы.

Гүлім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гүлім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ардақ Оспанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гүлім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер