Қоңыр қаз, үйрек – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қоңыр қаз, үйрек» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ендеше он бесте едім, он бесте едім,
Кезінде он бес жастың жанкеспе едім.
Қыздармен он бесімде жауласып ем,
Келгенше жиырма беске үйлеспедім.

Қа й ы р м а с ы:
Қоңыр қаз, үйрек,
Үшады түйдек,
Құрбыңды алдай берме
Үйдеп, бүйдеп, ой, қалқа-ай.

Мінгенім дәйім менің торы құнан,
Ақсайды жануарым тобығынан.
Көңілің шыныменен менде болса,
Ауылдың жолығайық қорығынан.

Қайырмасы:

Ұлпадай бетің,
Мақтадай етің,
Жалғанда қиын екен
Ғашық дертің, ой, қалқа-ай.

Мінгенім дөйім менің қасқа құнан,
Қыздардың сақта, құдай, асқағынан.
Құласа шыныменен көңіл шіркін,
Ауылдың жолығайық тастағынан.

Қайырмасы.

Құрбым-ау, серттеселі, серттеселі.
Сақтаса серттен құдай ептелеседі.
Көңілің расымен болса менде,
Тасындай диірменнің беттеселік

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері