Көкейкесті
Бұл бетте «Көкейкесті» атты Біржан сал Қожағұлұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ай қараңғы көрінер солған сайын,
Пенде азар кемеліне толған сайын.
Адамға ашу — пышақ, ақыл — таяқ,
Таяқ та мұжылады жонған сайын.
Мінгенім дәйім менің — күрең бесті.
Жүрісіне жануардың көңілім өсті.
Есіме сен түскенде, қайран елім,
Шығарған әнім еді «Көкейкесті».
Мінгенім ел көшкенде көкше бесті,
Жәкейден Мамай көлге елім көшті.
Есіме түскенінде құлындарым,
Елжіреп іші-бауырым жерге түсті.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі