Өтірік өлең айттым да, жұртқа жақтым

Бұл бетте «Өтірік өлең айттым да, жұртқа жақтым» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Өтірік өлең айттым да, жұртқа жақтым,
Құмырсқаны қайырып, қойдай бақтым.
Ел қыдырған кешегі есер кезде
Бөгелектің басына тана тақтым.
Бір қоянды міндім де, аспанға ұштым,
Екпініне шыдамай жерге түстім.
Алты күндей ақ боран соғып еді,
Жалғыз қурай ығына ас қылып іштім.
Дүниенің ауыры үрген қарын,
Жалғыз өзім көтердім соның бәрін.
Атандарға үш төстен артып едім,
Көтере алмай жығылды атандарым.
Дүниенің ауыры үрген қуық
Жалғыз өзім көтердім аузым буып.
Үлкеніне сіркенің арба салдым
Ондай мықты көрмедім өзім туып.
Бес қарсақты күнінде баса міндім,
Жүргізе алмай шіркінді азар міндім.
Екі сымбал үстіне теңдеп алып,
Қара жолдың үстінде борт-борт желдім.
Үлкеніне сіркенің арба салдым,
Басқа-көзге төпелеп, зорға салдым.
Мені мықты дегенге жұрт нанбайды
Қойдай битті көтеріп, отқа салдым.
Өтірік өлең айтамын өр басынан
Арқан естім бозторғай шудасынан.
Алты инелік, бес торғай той қылыпты,
Киіт кидік солардың құдасынан.
Өтірік өлең айтамын өр басынан
Шылым қылдым шыбыштың қу басынан
Қара шіркей етіне қазан толып,
Астау-астау ет жедік ер басынан.
Маса деген бірталай бақыр екен,
Сона деген имансыз кәпір екен.
Бөгелектің үйіне еніп барсам,
Әкесіне ас беріп жатыр екен.
Бөгелектің терісі – ер-тұрманым,
Қоян мініп, мен өзім жау қуамын.
Шегірткенің айғырын ұстап, мініп,
Тұра қашқан түлкіні бұлтартпаймын.
Көлбақаның көнектей сүйегі бар
Көртышқанның қырық құлаш үйегі бар.
Өзім барып, жерінен алып келдім,
Бір түлкінің қырық арба сүйегі бар.
Өтірік өлең айтайын өрдің басы
Жау қияқтың түбінен ердің қасы.
Өзім барып, жұлмалап алып келдім,
Бір түлкінің қырық арба омыртқасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өтірік өлең айттым да, жұртқа жақтым өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Өтірік өлең айттым да, жұртқа жақтым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өтірік өлең айттым да, жұртқа жақтым өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өтірік өлең айттым да, жұртқа жақтым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері