Сөйлеп қал, сөйле, тілім, арыс келді – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Сөйлеп қал, сөйле, тілім, арыс келді» атты Шал Құлекеұлы жазған тіл туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Сөйлеп қал, сөйле, тілім, арыс келді,
Алдыңа сөйлейтұғын намыс келді,
Сөйлеп қал, сөйле тілім, осындайда
Қысқарып ұзын дүние қарыс келді.
Сөйлеп қал, сөйле тілім, иең келді,
Алдыңа сөйлейтұғын жүйең келді,
Сөйлеп қал, қызыл тілім, осындайда,
Қысқарып ұзын дүние сүйем келді.
Сөйлеп қал, сөйле тілім, өлмей тұрып,
Басыңа кезекті өлім төнбей тұрып,
Сөйлеп қал, қызыл тілім, осындайда,
Өзіңе жала-қауіп келмей тұрып.
Сөйлеп қал, сөйле тілім, бақ барында
Басыңда сөйлейтұғын жақ барында,
Сөйлеп қал, қызыл тілім, осындайда
Артымда мирас қалсын жастарыма.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сөйлеп қал, сөйле, тілім, арыс келді өлеңінің авторы кім?

Шал Құлекеұлы — осы өлеңнің авторы.

Сөйлеп қал, сөйле, тілім, арыс келді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сөйлеп қал, сөйле, тілім, арыс келді өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тіл туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Сөйлеп қал, сөйле, тілім, арыс келді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері