Ат сұлу, айғыр мықты жалыменен – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Ат сұлу, айғыр мықты жалыменен» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ат сұлу, айғыр мықты жалыменен,
Батыр мықты, бай күшті малыменен,
Жеті жұртты билеген би болсаң да,
Əркімді алсын құдай табыменен.
Білімсізге не керек біл демесе,
Сыйлағаны сол болар тілдемесе.
Шақырусыз адамның қадірі жоқ,
Өзі кеп, біздің үйге жүр демесе.
Жаман болып, не керек тірі болып,
Тірі жүрген көп жанның бірі болып,
Сары алтындай толқыған қайран нұрым
Бетімізге жабысты сірі болып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ат сұлу, айғыр мықты жалыменен өлеңінің авторы кім?

Шал Құлекеұлы — осы өлеңнің авторы.

Ат сұлу, айғыр мықты жалыменен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ат сұлу, айғыр мықты жалыменен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шал Құлекеұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ат сұлу, айғыр мықты жалыменен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері