Еркелеп, еркін жүріп жыр елінде – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Еркелеп, еркін жүріп жыр елінде» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 766
Еркелеп, еркін жүріп жыр елінде,
Мұңлының шырақ жаққан жүрегінде.
Көксейсің күндеріңді қайран көңіл,
Ойлама оралмасты құр егілме.
Баянсыз құбылмалы өмір нарқын
Дөп басып берген айтып туған халқың.
Маған күліп, саған, күңіреніп,
Күнәсі бар қай жайсаң, қандай жалқың.
Жақсыңды айтшы тауы шағылмаған,
Жыбырлап құрт-құмырсқа жабылмаған...
Көп дейміз,
көп бір толқын дауыл соқса,
Туынды көтеруге табылмаған.
Ойласаң өзің де сол көптің бірі,
Баянсыз басында бақ — қолдың кірі.
Дәм біткен күні көппен теңелесің,
Бауырым қанша биік болсаңда ірі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еркелеп, еркін жүріп жыр елінде өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Еркелеп, еркін жүріп жыр елінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еркелеп, еркін жүріп жыр елінде өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Еркелеп, еркін жүріп жыр елінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері