КН. Л. Г-ге

Бұл бетте «КН. Л. Г-ге» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 738
Мұң шағып саған имандай
Жатса да тиіп сезімге,
Біріне соның иланбай
Бас шайқап тұрған кезінде,
Сәбидей бәрін шын көре
Селт етіп жаның жат үнге,
Немесе үлде-бүлдеге
Мәз болып тұрған сәтінде,
Көргенде-ақ анық, аңғалым,
Он жеті жасар кезіңде
Керемет тұтып бәр-бәрін,
Бар тірлік, жұрттың өзін де, -
Еске алып сонда бар мұңды,
Деген ем былай көңіліме:
Қызықтап жүрген әр күнді.
Қызығам жастар өміріне!
Тұтпайсың місе, күндеме
Басқаның аз-кем күлкісін.
Үмітіңді үзген күнде де,
Жаралған сен бе жұрт үшін,
Кемел бір ойлар, бұл міне,
Кеудеңде сенің көктеді;
Сүтпенен бірге сіңді ме,
Сүйекпен бірге кеткені!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

КН. Л. Г-ге өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

КН. Л. Г-ге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

КН. Л. Г-ге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

КН. Л. Г-ге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері