Өлең, жыр, ақындар

Бір жаста, екі жаста бесіктемін

  • admin
  • 09.08.2024
  • 0
  • 0
  • 702
Бір жаста, екі жаста бесіктемін,
Бес жаста тəңірі берген несіптемін,
Алты жаста қайыңның тозындаймын,
Жеті жаста ойпаң жер бозындаймын,
Он жасымда сүт емген қозыдаймын,
Он бесте жарға ойнаған лақтаймын,
Бой түзеп жиырмада сылақтаймын,
Отызда ағып жатқан бұлақтаймын.
Қырқымда қынаптағы қылыштаймын,
Елуде əр жұмысты жұмыстаймын.
Алпыс жаста тай жеген бөрідеймін,
Жетпіс жаста илеген терідеймін,
Жетпістен сексен жасқа келген шақта
Артымнан кейін кеттім кері деймін
Тоқсан жасқа келгенде көр болғаным,
Отқа салған мүнəйім бор болғаным.
Тоқтыға асылғанда əлім келмей,
Баланың баласына қор болғаным.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жастарға бақыт, байлық ден сау болса

  • 0
  • 0

Жастарға бақыт, байлық ден сау болса,
Тауфиқтан айрылады жемсау болса.
Ер жігіт қапалықпен қартаяды,
Шал Құлекеұлы

Толық

Шал мен Күлімжан қыз

  • 0
  • 0

Шал мен Күлімжан қыз (айтыс)
Қайтер ең суым бермей қуаласам,
Баяғы жиырма бес жас қайтып келіп,
Шал Құлекеұлы

Толық

Пасыл да пасыл, пасылман

  • 0
  • 0

Шал Құлекеұлы
Пасыл да пасыл, пасылман,
Аққа құлпы жасылман,
Жақсыға сырым жасырман,

Толық