Елу ердің жасы екен – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Елу ердің жасы екен» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Елу ердің жасы екен,
Алпыс – бір сұмдықтың басы екен,
Жетпіс келді төтелеп,
Кəрілікті жетелеп,
Сексен келді бүйірден,
Қалдырып кетті үйірден.
Тоқсан, сен тамам жастың зоры екенсің,
Сүйегің қартайған соң бор екенсің,
Тоқтының баласына əлің келмей,
Балаңның баласына қор екенсің.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері