Бұл бетте «Ақын достарыма» атты Хамит Ерғалиев жазған поэзия туралы өлең берілген.
03.01.2021
0
0
1587
Салыңдар құлақ сырыма,
Дарынды менің достарым!
Сүңгіген күннің нұрына
Қанаты күміс құс — бәрің!
Жақсы ғой жүрмек ортаңда!
Дыбысқа неткен бұл күн бай.
Барсыңдар сендер әр таңда
Көктемгі бақта бұлбұлдай!
Асыл ғой отты әр адам!
Өкініш бізгe жоқ онша:
Әттең-ау, әттең!.. Арадан
Күшеншек күншіл жоғалса!..
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі