Бір құдайдан тілеймін ғұмырымды – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Бір құдайдан тілеймін ғұмырымды» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бір құдайдан тілеймін ғұмырымды,
Ғұмыр берсең кірсіз қыл көңілімді.
Имансыздың көрінде от жанады,
Отқа салсаң көремін не күнімді?!
Бір құдайдан тілеймін əуелі иман,
Иманымнан айрылсам көрге сыйман.
Бес уақыт намазымды қаза қылма,
Қарынбайды жер жұтты дүние жиған.
Бір құдайдан тілеймін мал-басымды,
Мал менен қартайтып ал жүз жасымды.
Өлерімде ауызыма иманым сал,
Білгенмін бұл өлімнен қалмасымды.
Бір құдайдан тілеймін иман, ғақыл,
Ақылсыздан əрбір ісім өтті ғафыл.
Ораза ұстап, бес намаз оқығанның
Ол дүниеге барғанда ісі мақұл.
Біреуге ерте келеді, біреуге кеш,
Ертелі-кеш өлімнен қалмады һеш.
Өлім қойса, кəрілік жас қоймайды,
Екі айналып келсе де жиырма бес.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір құдайдан тілеймін ғұмырымды өлеңінің авторы кім?

Шал Құлекеұлы — осы өлеңнің авторы.

Бір құдайдан тілеймін ғұмырымды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір құдайдан тілеймін ғұмырымды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шал Құлекеұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір құдайдан тілеймін ғұмырымды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері