Өлең, жыр, ақындар

Тентегің тентек десең, бұтын созар

  • admin
  • 09.08.2024
  • 0
  • 0
  • 594
Тентегің тентек десең, бұтын созар,
Тентекке тізгін берсең, жұртың тозар.
Мақұл менен тентекті салыстырсақ,
Түбінде тентектен де мақұл озар.
Кей адам өзін-өзі зорға санар,
Ауаланып бақыттан құры қалар.
Жақсылық асқар таудай, тасқын судай,
Қайда жақсы жаймалап орын алар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сұрау – жауап

  • 0
  • 0

Сұрау – жауап
Біз алыстан келеміз тас артқандай,
Ауып, талып келеміз бос артқандай,
Шал Құлекеұлы

Толық

Бақ көшсе ақылыңа қарамайды

  • 0
  • 0

Бақ көшсе ақылыңа қарамайды,
Жақсыны жаман адам табалайды.
“Адам басы Алланың добы” деген,
Шал Құлекеұлы

Толық

Адамзат тірісінде мал жияды

  • 0
  • 0

Адамзат тірісінде мал жияды,
Мал түгіл үкім келсе жан қияды.
Жеті атасын білмеген обал дейді
Шал Құлекеұлы

Толық