Шал мен кемпірі – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Шал мен кемпірі» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Шал:
Дүние, ойлап тұрсам, жалғаның-ай
Шынымен, жалған дүние, қалғаның ба-ай,
Жауырыным құрысып, шаншып отыр,
Келіп сипап жіберші, алғаным-ай!

Кемпірі:
Бұл дүние бəрімізден кетер өтіп,
Қыз күнімнен болдым ғой сізге несіп,
Айында да пайдаңды бір көрмеймін,
Қайтемін бостан-босқа қызмет етіп.

Шал:
Шал ақын Орта жүздің мен емес пе ем,
Он бесте ұрғашыға кен емес пе ем,
Мен саған жиырмамда болдым жолдас,
Құрытқан сонан бері сен емес пе ең!?

Кемпірі:
Ұшады көк ала үйрек көл дегенде,
Қара субал татиды шөлдегенде,
Аузыңа келген сөзді ірікпейсің,
Алжыған, не жының бар сөз дегенде.

Шал:
Дүние қызық екен жасыңдағы,
Барады өтіп дəурен басымдағы,
Айына бір пайдамды көрмеген соң,
Қасыма не қып келсін қатын-дағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шал мен кемпірі өлеңінің авторы кім?

Шал Құлекеұлы — осы өлеңнің авторы.

Шал мен кемпірі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шал мен кемпірі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шал Құлекеұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шал мен кемпірі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері