Жігіттер, жау алмайды ақылдассаң – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Жігіттер, жау алмайды ақылдассаң» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жігіттер, жау алмайды ақылдассаң,
Білгішке көп білетін жақындассаң.
Қарап жүрген кісіге адам тимес,
Сабыр қып, өз бойыңды мықты ұстасаң.

Жақының жат болады алыс болса.
Жат та жақын болады таныс болса
Сыртыңнан жаман туыс табалайды,
Аяғың бір нәрседен шалыс болса.
Әйтсе де, жақсы туыс шыдамайды,
Бір жерде айғайласқан намыс болса.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жігіттер, жау алмайды ақылдассаң өлеңінің авторы кім?

Шал Құлекеұлы — осы өлеңнің авторы.

Жігіттер, жау алмайды ақылдассаң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жігіттер, жау алмайды ақылдассаң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шал Құлекеұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жігіттер, жау алмайды ақылдассаң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері