Бұл бетте «Ерір» атты Есбол Бозан Өтежанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жаныма мұз дәуірі орнады,
Басыма бақыт құсы қонбады.
Айналдым тұтқынына түнектің,
Жүрек бүгін қасіретін толғады.
Ақының жыр жазады түңіліп,
Зынданда терезеге үңіліп.
Жанымның жадыраңқы сәттері,
Кетті ғой көз алдымда бүлініп.
Алдыртып қу тәнімді ызғарға,
Жылдарым өтіп жатыр зынданда.
Алайда жүрегімде үміт бар,
Сол үміт жетелейді бізді алға.
Аяз салды қабырғаға өрнегін,
Бір жұтым жылы суға шөлдедім.
Өз бойымнан жылылықты көрмедім,
Қасіретім, мехнатым – ол менің!
Төңірек суық түске боянып,
Шырағым сөнуге тұр таянып.
Жанымның ерір бәлкім мұздары,
Жаршысы жақсылықтың оянып!
Маусым. 2022 жыл
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі