Жігіттер, жау алмайды ақылдассаң – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Жігіттер, жау алмайды ақылдассаң» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жігіттер, жау алмайды ақылдассаң,
Білгішке көп білетін жақындассаң.
Қарап жүрген кісіге адам тимес,
Сабыр қып, өз бойыңды мықты ұстасаң.

Жақының жат болады алыс болса.
Жат та жақын болады таныс болса
Сыртыңнан жаман туыс табалайды,
Аяғың бір нәрседен шалыс болса.
Әйтсе де, жақсы туыс шыдамайды,
Бір жерде айғайласқан намыс болса.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері