Бұл бетте «Позитив» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Байқаймысың,
Бұрынғыдан басқамын!
Ашық қазір аспаным.
Шаттығымды шырағдан қып жолыма,
Ал қайғымды тұңғиыққа тастадым.
Көңілсіздік,
Жүрген шығар қаңғырып,
Іздеп мені таңды тағы,
Таңғы ұрып.
Ес дейтұғын ескі әлемнің есігін,
Қақпаса екен қайта келіп жаңғырық.
Осы күнім,
Өз-өзіме ұнайды!
Саф санама, сарқырама құлайды.
Ал таң сайын маңдайымнан сипалап,
Самал өзі хал-жайымды сұрайды.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі