Қонақ хақында айтқаны

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Қонаққа бір керегі – ет пен қымыз,
Бар болса, адал дəмің, ауыз тигіз.
Аз беріп, көп жалынып, құтылып қал,
Қонағым тойғанменен шықпас мүйіз.
Соғым арық, ет өзі қара кесек,
Етхана жақтырмайды бара берсек.
Əуеден жауған қар да таусылады,
Бір сайдан күнде барып ала берсек.
Қонағым, бабың қиын, күйің қатты,
Қондырмасам, қоясың жаман атты.
Сен «ет» демесең, мен «кет» демеймін,
Келе бер қай озғаның жүйрік атты.
Қонағым өкпелейді тоймаған соң,
Неге тойсын, көп соғым соймаған соң.
Ұлы-қызым ержетті, дəулетім аз,
Аш жүремін уайым ойлаған соң.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қонақ хақында айтқаны өлеңінің авторы кім?

Қобылан Бөрібайұлы — осы өлеңнің авторы.

Қонақ хақында айтқаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қонақ хақында айтқаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қобылан Бөрібайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қонақ хақында айтқаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері