Жанақтың төрелерге айтқандарынан – Жанақ Қамбартегі

Бұл бетте «Жанақтың төрелерге айтқандарынан» атты Жанақ Қамбартегі жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Абайділдə, келемін бес жыл жайлап,
Бес жорғасын арыттым босқа байлап.
Алып берген сұлуың өліп қалып,
Бір жаманмен барамын бармақ шайнап.
Жіп буындым беліме белбеусізден,
Қалың беріп, қыз алдым көргенсізден.
Көргенсіздің бір қызын аламын деп,
Əділ басым жүдеді-ау тергеусізден.
Абайділдə, сұлтаным, ақ дөңбексің,
Əбілпейіз, Жəнібек, малға еңбексің.
Жас күніңде Қашқынбай жақсыда едің,
Əбілқайыр өлген соң төмендепсің.
Абайділдə төреміз хан төре екен,
Өз енесін өзі ұрған қар төре екен.
Бұ дүниеде енесін ұрып салып,
Ақыретке барғанда қайтеді екен?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанақтың төрелерге айтқандарынан өлеңінің авторы кім?

Жанақ Қамбартегі — осы өлеңнің авторы.

Жанақтың төрелерге айтқандарынан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанақтың төрелерге айтқандарынан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жанақ Қамбартегі өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанақтың төрелерге айтқандарынан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері