Жанақтың Қарпық-Мамбет Күніке қызбен айтысқаны – Жанақ Қамбартегі

Бұл бетте «Жанақтың Қарпық-Мамбет Күніке қызбен айтысқаны» атты Жанақ Қамбартегі жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жанақ:
Деген соң Қамбар елмін, Қамбар елмін,
Қара өлеңге салғанда Дəкең менмін.
Есіл менен Нұраны қаптай қонсам,
Мəмбетшем, табылмассың, қара жынмын!

Қыз:
Қу Қамбар, Қуандық пен Сүйіндікпен,
Үстіңе салсаң үйіп ауыр жүкпін.
Еліңді бір шапқанда, екі шауып,
Сөкең барса, шошқадай бірақ түрткен.

Жанақ:
Баласы бəйбішенің Қуандығың,
Жиын-тойда қоймайсың жуандығың.
Бір шапқанда елімді екі шапсаң,
Қылған қайда, Күнікей, туғандығың?!

Қыз:
Ұры Қамбар, деген соң ұры Қамбар,
Жан торсығың жаныңда ірі Қамбар.
Жаз жайлаған жайлау іші, күз қоймайсың,
Маған десең, тұқымың құры Қамбар.

Күлік Жаңа батырдың алты ала бас түйесін Қара кесек, ханды қараша ұрлап бітім болмай, екі елдің арасы керіліп, Сүйіндік пен Қара кесек жауласып жүргенде, Жанақтың айтқаны:

Тіленші мен Шоң едің мақтап жүрген,
Бар өнерің осы ма сақтап жүрген.
Бүйтіп жүріп екеуің қас боп кетсең,
Бұратана-ақ, жеп кетер жақтап жүрген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанақтың Қарпық-Мамбет Күніке қызбен айтысқаны өлеңінің авторы кім?

Жанақ Қамбартегі — осы өлеңнің авторы.

Жанақтың Қарпық-Мамбет Күніке қызбен айтысқаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанақтың Қарпық-Мамбет Күніке қызбен айтысқаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жанақ Қамбартегі өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанақтың Қарпық-Мамбет Күніке қызбен айтысқаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері