Ақсауыт деген сол болар – Қожаберген жырау

Бұл бетте «Ақсауыт деген сол болар» атты Қожаберген жырау жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ақсауыт деген сол болар,
Атқанда оқ өтпесе.
Ақберен деген сол болар,
Тигені тұяқ серіппесе.
Алмауыт деген сол болар,
Алысып жауы жеңбесе.
Тұлпар ат деген сол болар.
Артынан қуған жетпесе,
Ер жігіт деген сол болар.
Жасқанбай жауға беттесе,
Жан жолдас деген сол болар.
Жалғыз тастап кетпесе,
Адал дос деген сол болар.
Білдірмей жоқты етпесе,
Туысқан деген сол болар.
Сетілгенді септесе,
Айтулы жақсы сол болар.
Ісіне еткен кеппесе,
Айтулы жаман сол болар.
Ақыл ғып айтқан сөзіңді,
Ұғынбай босқа кектесе.
Қайырымсыз жаман сол болар,
Жетімнің бетін өппесе.
Қатыгез жан сол болар,
Жеткіншекке тек десе.
Қайырымды жан сол болар,
Керегіңді көктесе.
Ақ көңіл жан сол болар,
Айтар сөзін бүкпесе.
Жан аяр жалқау сол болар,
Жан қинап еңбек етпесе.
Қас надан қабақ түйеді,
Шаруасы бітпесе.
Бітпейтін, сірә, іс болмас,
Жұрт жұмылып көптесе.
Ерлердің ісі еленбес,
Халық үшін терін төкпесе.
Кетер ұрпақ тіл қатпай,
Халқың нені жүктесе.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақсауыт деген сол болар өлеңінің авторы кім?

Қожаберген жырау — осы өлеңнің авторы.

Ақсауыт деген сол болар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақсауыт деген сол болар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қожаберген жырау өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақсауыт деген сол болар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері