Үш батыры қазақтың – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Үш батыры қазақтың» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

І
Біреуі батырымның Момыш ұлы,
Жан еді жүрек жұтқан жаны сірі.
Қол бастап қас жауына қарсы атылды,
Соғыстың естілгенде алыс үні.

Қайырмасы:
Майданға қандай барса да,
Арыстан болып ақырып.
Дұшпанның қолын қаншама,
Өтіпті Бәукең жапырып.
Жүрегі жалын, жаны кең,
Батпақты кешіп, тауды асып.
Жауыз біткеннің бәрімен,
Өтіпті-ау Бәукең жауласып

ІІ
Партизан бір батырым Қасым ағам,
Айналған аты аңызға асыл адам.
Ішінде қалың орман қабыландай,
Қаймығып қан жұтсада жасымаған.

Қайырмасы:
Қасекең қайсар жан еді,
Қайыспас қара нар еді.
Қазағым десе от жайнап,
Түсуге орға бар еді.
Көңілі шалқар көл еді,
Кешегілердің зерегі.
Қайранда Қасым қаһарман,
Қайта бір тумас ер еді.

ІІІ
Батырдың Қошқарбаев тағы бірі,
Жаратқан бөлек етіп тәңірі ұлы.
Ту тіккен Рейхстагқа төте барып,
Рақымжан ел жадында мәңгі тірі.

Қайырмасы:
Найзағай сынды көктегі,
Өзегі жалын отты еді.
Тепсіне келген дұшпанмен,
Тіресе білер текті еді.
Көңілі шолған ғайыпты,
Сертінен қашан тайыпты.
Ұмытпас қазақ баласы,
Рақымжан Қошқарбаевты.

Аттарын атап тағыда,
Әндетер бүгін халқым да.
Тәуелсіз елдің бағына,
Жарала салған батырлар
Жауыздық көрсе жау тұтып,
Жебедей болып атылған.
Мәңгілік жасай бермекші,
Бауыржан, Қасым, Рақымжан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үш батыры қазақтың өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Үш батыры қазақтың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үш батыры қазақтың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үш батыры қазақтың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері