1943 жылғы 17 январь – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «1943 жылғы 17 январь» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2975
Жаралы жанды жұтуға,
Аранын ашып жалаңдап.
Қаптады қара бұлттай,
Қарсы алдымнан жау аңдап.
Жараланған сол қолым,
Сүйемелге келмеді.
Найзасы намыс қадалып,
Көкіректі ыза кернеді.
Қонақжай екен дүние,
Төрінде шалқып күн күлген.
Күресте күнің өтпесе,
Қадірін оның кім білген.
Жанталасты жалғыз қол,
Жағаға ажал таянып,
Қалқан етіп қайыңды,
Жаттым бір кез сая ғып.
Тірідей көміп топырақ,
Толқыны ауа соқты кеп.
Темір қарып тәнімді
Өзекке тиді отты леп.
Иілмедім емендей,
Долдана қызып кетті ұрыс.
Жәрдемге жетті достарым,
Торлады жауды кекті күш.
Жау ығысты қайтадан,
Жан сауғалап жалтарып.
Әлсіредім жарамнан,
Қара қошқыл қан тамып.
Сиқы кетіп сұрланып,
Қансыз қатып қалды өң.
Туған жерде тыныстап,
Көзімді аштым, алып дем.
1943.Госпиталь


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

1943 жылғы 17 январь өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

1943 жылғы 17 январь өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

1943 жылғы 17 январь өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

1943 жылғы 17 январь өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері