Боз торғай – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Боз торғай» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4092
Жоғарылап, төмендеп,
Көкте қалқып шырлаған,
Бозала таң елеңдеп,
Боз торғайды тыңдаған.
Кейде қары қарысып,
Қанаттары талғандай.
Жалғыз ноқат жабысып,
Жансыз қатып қалғандай.
Сонау биік қиырдан
Сорғалай кеп құйылған.
Үні қалай десеңші,
Жүрегіңе ұйыған!
Өтті қарлы соңғы ұшқын,
Кетті көлкіп жер көлдей.
Соңына еріп сол құстың
Көктем суыт келгендей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Боз торғай өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Боз торғай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Боз торғай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Боз торғай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері