Жезқазған – ғашықтар қаласы – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Жезқазған – ғашықтар қаласы» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ақ жаңбыр жарысып сәулемен,
Ән болды әр сөзім әу – деген.
Ақ жүзің астасты жан еркем,
Кеншілер қарсы алған таңменен.
Самал жел Ұлытау саясы,
Жезқазған – ғашықтар қаласы.
Сәулесі жайнатқан өңімді,
Жұлдыздар жолыма төгілді.
Жасымнан құмар құс – ұлар құс,
Жанарың жарқ еткен көрінді.
Жалғасқан қос жүрек арасы,
Жезқазған – ғашықтар қаласы.
Қара көз мөлт еткен жанулар,
Мезетке болдым ғой зәру-зар.
Аққулар қалқып жүр Қоскөлде,
Достарым, бір көріп қалыңдар.
Жазылар жас жүрек жарасы,
Жезқазған – ғашықтар қаласы.
Жан, зекет, шын тату көрмесең,
Өмірге әуре боп келмес ем.
Сені іздеп жүрмін ғой «Жез киік»,
Алдымнан бір өтші сенбесең.
Қимастай адамның санасы,
Жезқазған – ғашықтар қаласы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері