Үш арыс

Бұл бетте «Үш арыс» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Кең даланың кемеңгер перзенттері,
Аңыз-дастан атқарған міндеттері.
Үш сұңқарын, үш тұлпар, үш арысын,
Ғаламат қой туған ел құрметтеуі.

Қайырмасы:
Тар кезеңде бірлесіп,
Бар қатерді бір кешіп,
Еңіреп туған елім – деп,
Қазақтың ірілері,
Абайдың інілері,
Сәкен, Ілияс, Бейімбет.

Өлең-жырдың әлемін ашқаныңда,
Сол үшеуі тұрады бас жағында.
Үркерленіп барады үлкенденіп,
Үш жұлдызым туған ел аспанында.

Қайырмасы

Ақсұңқарын дауылпаз, бұлан-ерін,
Күйші дала құс қанат құлагерін.
Үш арасын қайтарып құшағына,
Ардақтайды салтанат құрады елім.

Қайырмасы


Пікірлер (1)

Мм G

Өте күшті әсер қаллырды????

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үш арыс өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Үш арыс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үш арыс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үш арыс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері