Шөберемді «Бәйтерекке» апардым

Бұл бетте «Шөберемді «Бәйтерекке» апардым» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.11.2021
  • 0
  • 0
  • 988
Мен де биыл үлкен ата атандым,
Бірі болдым өркені өскен қатардың.
Жетпіс беске келген шақта бұйырып,
Шөберемнің қолынан су тата алдым.
Болсын сәби бұл жалғанда өміршең,
Тілегім сол – өлең болып төгілсем.
Шөберені бүгін көкке көтердік,
Осынау күнге жетуді арман көруші ем.
Туды бәрін тәубе айтып ұғар күн,
Асып­саспай бастым желін құмардың.
Астананы анықтап бір көрсін деп,
«Бәйтеректің» төбесіне шығардым.
Ғадетім мол уақыт шебін санаған,
Нағыз байлық балаға көп қараған;
Неге тентек тым ақырын өседі,
Біздер жылдам ұзағанда жағадан?
Құт көреміз тағдыр берген олжаны,
Ақ тілекпен келсін бата болжамы.
Қиналтпайды,
Қуантады,
Ол да той –
Бәйбішемнің «Үлкен әже» болғаны.
Не де болса кеңейді үлкен керегем,
Бақыт осы шыңырақты Алла жебеген.
Кемеңгер бол, көшің толсын өмірде,
Менің туым – жаса, тұңғыш шөберем!

22.01.2008.
Астана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шөберемді «Бәйтерекке» апардым өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Шөберемді «Бәйтерекке» апардым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шөберемді «Бәйтерекке» апардым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шөберемді «Бәйтерекке» апардым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері