Біз қазақпыз, азатпыз – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Біз қазақпыз, азатпыз» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көкшетау мен Алатаудың арасын
қара Ертіс пен Ақ Жайықтың жағасын
Жалғап жатқан қараңдаршы, тәуелсіз,
қазағымның ұлан байтақ даласын.

Қайырмасы:
Түркі тектес тіліміз,
Алты Алаштың біріміз.
Тайталасқан тағдырмен,
Жетті әлемге үніміз.
Әл-Қисса,
Біз қазақпыз,
Біз қазақпыз, азатпыз.

Бар сырымды байқа менің көзімнен,
Жарқ етеді ақ боталы боз інген.
Ертеңім бар, ерке туған қазақпын,
Кең даласын алтын Орда сезінген.

Қайырмасы

Кербез дала, байтақ атамекенім,
Көз тартады сенің шексіз екенің.
Сыртқы жаудан, ішкі даудан сақтасын,
Сонда аңсаған арманыма жетемін.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біз қазақпыз, азатпыз өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Біз қазақпыз, азатпыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біз қазақпыз, азатпыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біз қазақпыз, азатпыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері