«Болыс болдым, – деп еді

Бұл бетте ««Болыс болдым, – деп еді» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 972
«Болыс болдым, – деп еді, –
Бар малымды шығындап».
Абайдың сөзі келеді,
Өсу жоқ бермей тығындап.
Тәуелсіз күнді көз көрді,
Арқалылар наз арттық.
Қалталылар тез өзгерді,
Оларға жетті азаттық.
Шенділер алған парасы
Ашылып жатыр не түрлі.
Шәкірт пен ұстаз арасы
Парамен сұмдық жетілді.
Жетті ғой бізге жай тегін,
Сөзіне Абай сенер күн.
Билікті шенеп қайтейін,
Халқыма бүгін не дермін?

15.08.2009.
Астана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

«Болыс болдым, – деп еді өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

«Болыс болдым, – деп еді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

«Болыс болдым, – деп еді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

«Болыс болдым, – деп еді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері