Мен көрдім аққудың жас көгілдірін

Бұл бетте «Мен көрдім аққудың жас көгілдірін» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 816
Мен көрдім аққудың жас көгілдірін,
Өзгертті құс-­періште өмір нұрын.
Адасып қалған құсым табылғандай,
Тамылжып жас күнімдей төгілді үнім.
Жайнады кездесуді несіп етіп,
Ойнады құс қамысты кешіп өтіп.
Салғанда салтанатты саңқылына,
Кең дала жайнап жатты есі кетіп.
Қайтейін құс әніне көне бермей,
Тыңдадым Би­-Фатима жебегендей.
Жас аққу Қыз Жібектей көз арбаса,
Мен тұрдым мейірі қанған Төлегендей.
Серпілді құс патшасы сезім жеңіп,
Желпінді қос қанаты жеңілденіп.
Мойнына осындайда оралсамшы
Жайқалған жас қамыстай өрімделіп.
Кім сүймес қимай қарап танығанды,
Мезетке мерекелі жаны қанды.
Құс кетті, қызық өтті, дала тынды,
Жүректе мәңгі өшпес әні қалды.

2009


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен көрдім аққудың жас көгілдірін өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Мен көрдім аққудың жас көгілдірін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен көрдім аққудың жас көгілдірін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен көрдім аққудың жас көгілдірін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері