Іңкәр көңіл – Құттыбек Баяндин

Бұл бетте «Іңкәр көңіл» атты Құттыбек Баяндин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Өзіңе ғұмыр бойы іңкәр көңіл,
Үкілі домбырамнан күй боп төгіл.
Айдында аққу жүзген ару сүйген
Не деген ыстық едің айһай өмір.
Ән де сен, сән де сенсің, жыр да сенсің
Таусылмас, айтсам қанша сыр да сенсің.
Табысқан махаббатпен сүйген жарға
Шікін-ай, тең құрбыда арман бар ма?
Қылығы қызған шоқтай жастық шақта,
Сейілдеп серуен құрған саябақта.
Сезімді сеңдей соғып сорғалатар,
Бұлбұл құс тамылжытып ән салғанда.
Күн шығып, шың басына нұр шашқанда,
Өзіңмен бақыт таптым бұл жалғанда.
Табысқан махаббатпен сүйген жарға
Шіркін-ай, тең құрбыда арман бар ма?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Іңкәр көңіл өлеңінің авторы кім?

Құттыбек Баяндин — осы өлеңнің авторы.

Іңкәр көңіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Іңкәр көңіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құттыбек Баяндин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Іңкәр көңіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері