Шот-Аман – Тұманбай Молдағалиев

Бұл бетте «Шот-Аман» атты Тұманбай Молдағалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Шота, Шота! Аппақ бота киелі,
Сен халықты, халқың сені сүйеді.
Сендей, сендей жігіттермен доспын деп,
Менің-дағы төбем көкке тиеді.

Сен белгісің. Ұлылардан қалған бір,
Аялаумен өзінде бір арман жүр.
Өмір қанша жүгіргенмен ілгері,
Ұзағырақ болса дейміз қалған жыл.

Қайырмасы:
Елге арналды еңбегің,
Өнеріңмен өрледің.
Өмір бойы жаныңа,
Бір тыныштық бермедің.
Тұлпарың бар астыңда,
Талай белден астың да.
Тілін тауып жүресің,
Кәрінің де, жастың да.

Шота бауыр, міндет ауыр сен алар,
Әскерің көп, сен бастаушы генерал.
Жер бетіне әкеледі қуаныш,
Сен жасаған ескерткіштер, жобалар.

Сенің бағың – өнер құсын ұшыру,
Сенің жаның – суреттер ғой не сұлу.
Түсінбеген кезім болса кеш оны,
Ұлылықты оңай емес түсіну.

Қайырмасы:
Елге арналды еңбегің,
Өнеріңмен өрледің.
Өмір бойы жаныңа,
Бір тыныштық бермедің.
Отан аман, от аман,
Сен де аман бол Шот-Аман.
Өркен жайған еліңе,
Қарап тұрсың жотадан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шот-Аман өлеңінің авторы кім?

Тұманбай Молдағалиев — осы өлеңнің авторы.

Шот-Аман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шот-Аман өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұманбай Молдағалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шот-Аман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері