Намыс найзағайы

Бұл бетте «Намыс найзағайы» атты Әділғазы Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ерліктерді зерделеген жұрт ойға,
Перде бола алмайды ғой бұлт Айға.
Жас пен кәрі қайран қалып қараған
Желтоқсанда жалындаған Нұртайға.
Алмасса да бір қуаныш, бір қайғы,
Жеткіншектер ерлік жырын шырқайды.
Өр Намыстың найзағайы деп білем
Желтоқсанда жарқылдаған Нұртайды.
Топ ішінде тұлпар болар бір тайың,
Тілектес боп ұланыңа жүр дәйім.
Желбіреткен Намысыңның, жалауын
Желтоқсанның қаһарманы Нұртайың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Намыс найзағайы өлеңінің авторы кім?

Әділғазы Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Намыс найзағайы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Намыс найзағайы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділғазы Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Намыс найзағайы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері