Аңсағаным ауылым

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Албарынды жастық шақтың бұрқатып жыр-дауылын,
Жалын атқан кездер қайда, білмедің бе, бауырым?..
Балаусалы балғын күндер, гүл шырайлы көктемдер,
Көшін түзеп жөнеп берді-ау, алыстатып ауылын.
«Тетелес» деп еркелетер, сағындырды жеңгем де,
Дархан дала хош иісі жүр-жүрлейді белдерге.
Бір егіздің сыңарындай қатар өскен қыз қайда?
Ол да елес, бұлдыр сағым, ат байлатпас белдеуге.

Қайырмасы:
Сағынышым, салған әнім, алтын ұям – ауылым,
Бал дәуренім ынтықтырған, думан-базар қауымым.
Басылмайды, басылмайды саған деген сағыныш,
Шақырады балғын шақтар, құрған сайран-сауығым.

Анашымның шуақ қонған алақанын сағындым,
Ауламыздың аппақ ұлпа балапанын сағындым.
Отау тігіп ер жеткен соң, кеттім бе әлде жырақтап?..
Әкем әкеп шөгеретін сары атанын сағындым.
Албарынды жастық шақтың бұрқатып жыр-дауылын,
Жалын атқан кездер қайда, білмедің бе, бауырым?..
Балаусалы балғын күндер, гүл шырайлы көктемдер,
Көшін түзеп жөнеп берді-ау, алыстатып ауылын.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аңсағаным ауылым өлеңінің авторы кім?

Ғалымбек Омарханов — осы өлеңнің авторы.

Аңсағаным ауылым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Аңсағаным ауылым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғалымбек Омарханов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аңсағаным ауылым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері