Көктемде (әзіл ән) – Ғабит Тұрсынбайұлы

Бұл бетте «Көктемде (әзіл ән)» атты Ғабит Тұрсынбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көктем келіп, тосыннан,
Маза кетті досымнан,
Үзілмейді күн ұзақ,
Бойжеткендер қасынан.

Қайырмасы:
Шыққандай бір сонарға,
Асығамыз соларға.
Қу қыздар да қалмайды,
Қызық керек оларға.

Қамданыңдар сұлулар,
Сізге лайық бір ұл бар!
Мен де шықтым көшеге,
Қане, мойын бұрыңдар!

Қайырмасы:

Бір сұлуды көргенде,
Маза кетті менен де.
Қарсыласып қайтейін,
Табиғатты жеңем бе?

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктемде (әзіл ән) өлеңінің авторы кім?

Ғабит Тұрсынбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Көктемде (әзіл ән) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктемде (әзіл ән) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғабит Тұрсынбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көктемде (әзіл ән) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері