Асқақ Астана – Ғабит Тұрсынбайұлы

Бұл бетте «Асқақ Астана» атты Ғабит Тұрсынбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Кең байтақ қазақтың жерінде,
Арқаның ардақты төрінде,
Асқақтап барады Астана,
Байрағы желбіреп көгінде.

Қайырмасы:
Елімнің бақытын жырлаған,
Жайнай бер, жасай бер – нұр қала.
Астана, Ақорда – береке,
Сап түзеп, көркейген кең өлке

Мызғымас бәйтерек діңгегім,
Көкке өрлеп, көркейген күнбе-күн.
Егемен қазақтың намысы
Көтерген ту етіп тілегін.

Қайырмасы

Көгінде қалықтап қыраны,
Татулық, бірлік боп ұраны,
Бабалар аңсаған бақыттың
Есілім бастауы, бұлағы.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асқақ Астана өлеңінің авторы кім?

Ғабит Тұрсынбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Асқақ Астана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Асқақ Астана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғабит Тұрсынбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Асқақ Астана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері