Ісім жалған, болып жүр түсім жалған – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Ісім жалған, болып жүр түсім жалған» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 735
Ісім жалған, болып жүр түсім жалған,
Кешкі күндей өртейді-ау ішімді арман.
Өлетұғын түрім бар, өмірдегі –
Құрсап тұрған қысылып қысымдардан...
Сөздер, көздер миымды құрсаулаған,
(Ақыл айтып, балам да ұрсар, маған)
Қысымынан қысымның ауырмаған,
Жер бетінен таппадым бір сау адам.
Әр кеудеде бір бас бар, жорып, сынар,
(Басыңды ұрған уақыттай көрікші бар)
Баба-жүрек қысылып, жер астынан –
Жер бетіне шыққандай, болып шынар.
«Қысылма» деп тұрғандай бабам маған,
Кең даладан кеңдікті таба алмаған.
Жер бетіне осынау сыйыса алмай –
Ығыстырып, қысады адамды адам.
Өсетін ұл, алдымен елді ұқпай ма,
Көрсетпейік күнменен ерлікті айға.
Айтшы, маған тарылған адам-әлем,
Кең даладай бір кезгі кеңдік қайда?
Азып-тозып, жол жүріп келдік қайда?...
Тас бетіне жас болып тамды сырым,
Қабылдамай келер күн қарғыс үнін.
Кім реттеп, жаны ашып, кім өлшейді,
Қайшыласқан уақыттың қан қысымын.
Көтерілген уақыттың қан қысымын?...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ісім жалған, болып жүр түсім жалған өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Ісім жалған, болып жүр түсім жалған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ісім жалған, болып жүр түсім жалған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ісім жалған, болып жүр түсім жалған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері