Кимешек

Бұл бетте «Кимешек» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.01.2018
  • 0
  • 0
  • 2891
Замана сырын ақтарып,
Өмірден өзге күй көксеп.
Музейде тұрсың сақталып,
Сарғайған сары кимешек.
Өңіңнен көріп қайғы ізін,
Тамшы жас көзге іркемін.
Білмеймін, кеше қай қыздың,
Бұлт болып басын бүркедің.
Өңірің жаспен боялған,
Бере алман ол бір күнге есеп.
Білмеймін, кеше қай арман,
Басына салды кимешек.
Өткенде менің қалды есем,
Өмірім толы ұшқынға.
Бір жүректен әлде сен,
Ақ бұлт болып ұштың ба?
* * *
Сырлы еді сондағы түн қандай,
Ақ мұнар арайға ұласып.
Алматы, қалғып бір тұрғандай,
Көздерін бір жұмып, бір ашып.
Күміс шық орнайды жағама,
Кең көше, жалтыр мұз көк тайғақ.
Сөнбейтін басына бағана,
Қойғандай үміттен от байлап.
Қараймыз маңайға қызығып,
Санаймыз көктегі жұлдызды.
Төменнен өрлеген, көп шамдар,
Қаққандай жерге от қазық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кимешек өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Кимешек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кимешек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кимешек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері